Әрбір кәсіпорынға ата-анасының кәсібін жалғастыратын ұрпақтары келген кезде, кез келген саланың мақтанышы болып табылады. Көптеген жылдар бойы бір кәсіпке адал болған тұтас отбасыларды кездестіруге болады. Кейіпкеріміз «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-нің «Табиғи қорық қорын қалпына келтіру және қорғау» бөлімінің басшысы Ахунов Талгат Самигулович. 2009 ж. Риддер аграрлық техникалық колледжінің «Орман және орман саябақ шаруашылығы» мамандығын бітірді. 2013 ж. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Орман қорлары және орманшылық» мамандығын бітірді. 2007-2010 жылдар аралығында Лепсі орман шаруашылығы мекемесінің маусымдық жұмысшы, орман күтуші-егерь, орман шаруашылығы инженері қызметтерін абыроймен атқарып, 2010 ж. «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ құрылғаннан Лепсі филиалының орманшысы, табиғат пайдалану инженері лауазымында жұмыс істеді. 2015 ж. Лепсі филиалының директорының орынбасары лауазымына ауыстырылды. 2017 ж. ақпан айынан «Табиғи қорық қорын қалпына келтіру және қорғау» бөлімінің орман шаруашылығының бас инженері лауазымында қызмет атқарды. 2019 ж. қаңтар айынан «Табиғи қорық қорын қалпына келтіру және қорғау» бөлімінің басшысы лауазымына ауыстырылып, қазіргі кезде осы қызметте жұмысын атқарады. Талгат Самигулович орман шаруашылығы саласында қызмет ете жүріп, өзін жоғары дәрежелі маман ретінде көрсете білді, өз жұмысына ұқыпты, ізденімпаз, жауапкершілігі мол азамат. Ұжымда сыйлы, жан-жақты, алдына қойған мақсатқа жете алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман екенін көрсете біледі.
#ОрманҚызметкелеріКүні #ForestryWorkersDay #SaveOurForests #ДеньРаботниковЛеса #work #Ecosystem #Congratulations #Nature #ForestWorkers #Kazakhstan #Ecology #Biodiversity #орманқорғау #орман #орманшаруашылығы #жануарлардүниесі #өртсөндірушілер #табиғатқорғауқызметкерлері #табиғатқорғау #лесноехозяйство #мирживотных #пожарные #сотрудникиохраныприроды #wildlife #firefighters #natureconservation #natureconservationofficers #forest