Жалбыз – ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, емдік қасиеті бар тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік, соның ішінде дәрілік мақсатта азиялық жалбыз қолданылады және де бұл өсімдіктің басқа түрлерінен порфюмериялық, кондитерлік, гигиеналық мақсаттарға қолданылады.
Медицинада жапырағын, гүлі мен шанағын араластырып пайдаланады. Жапырағында 2,26 процентке дейін эфир майлары, оның құрамында ментол бар. Парк аумағының орта тауларында, өзен жағалауларында өседі.
✍️Ғылым бөлімі