4 қазан — Дүниежүзілік жануарлар қорғау күніне орай “Жоңғар-Алатауы МҰТП” РММ-нің “Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту” мен “Рекреация, экологиялық ағарту және туризм” бөлімдерінің қызметкерлері Алмалы орта мектебінің 5, 8, 11 сынып оқушыларына ұлттық парктің табиғат мұражайына экскурсия өткізді. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық паркте өсетін өсімдік түрлері, мекендейтін жануарлар және табиғи, тарихи-мәдени нысандары туралы ақпарат алды. Қатысушылардың саны — 80 оқушы.