Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің МОҚ аумағында 2024 жылдың өрт қауіпі бар маусымының аяқталуы туралы 2024 жылдың 22 қазандағы №27-03/298-НҚ бұйрығына сәйкес, паркте өрт қауіпі бар маусымы аяқталғаннан кейін де «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінің (Сарқан, Алакөл, Лепсі) филиалдарындағы І типтегі орман өрт сөндіру станцияларының өрт сөндіру құрамдарына теориялық, практикалық оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу жалғасуда.
✍️ Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру бөлімі.