Республика күні – бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам.Осы атаулы күні Отанымыз – Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын – деп “Жоңғар Алатауы МҰТП” РММ Алакөл филиалының қызметкерлері және Қабанбай ауылдық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып дөңгелек үстел өткізді.
Енді бұл мейрамды күллі ел болып жаңа мазмұнда атап өтетін боламыз. Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам.
✍🏻Алакөл филиалы