Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде таулы өңірдің ашық беткейлерін, орман ішін, субальпі мен альпі шалғындықтарын мекендейді. Шағын табын құрып тіршілік ететін жұптұяқты. Негізгі қорегі шөптесін өсімдіктер болып табылады. Ұлттық парк аумағында маралдардың саны жыл сайын артып келеді. 2023 жылғы санақ нәтижесі бойынша 2021 жылмен салыстырғанда маралдардың саны 9,5%-ға артқан. 2024 жылы Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына құрылған фототұзаққа түскен маралдар. Ғылыми қызметкер:Иманғали.С