09.10.2024 ж. «Жоңғар Алатауы МҰТП» экологиялық ағарту инженері мен эколог-инженер Көкөзек ауылының Көкөзек орта мектебінің 5-8 сынып оқушыларына дәріс-сабақ өткізді. Дәріс-сабақтың мақсаты- экологиялық білімді қалыптастыру, оқушылардың қоршаған ортаны, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру. Сабақ барысында ұлттық парк туралы ақпарат, туристік маршруттар мен тұрмыстық қоқыс мәселесі бойынша слайд, видеоматериал көрсетілді. Сабақ соңында сұрақтарға жауап берілді.
Қатысушылардың саны – 39 оқушы.