Әрбір кәсіпорынға ата-анасынан кейін балалары келген кезде, кез келген саланың мақтанышы болып табылады. Көптеген жылдар бойы бір кәсіпке адал болған тұтас отбасыларды кездестіруге болады. Осындай еңбек әулеті Жетісу өңірінің Алакөл ауданы Лепсі ауылдық округінде бар. Атасы – Тұнұсбек, әкесі – Әлкен, немересі Рамазан. Соғыстың сұрапыл жылдарының өзінде Тұнұсбек Бұрунғазов орманды армандаған. Ал соғыс біткен соң Тұнұсбек Бұрунғазов орман шаруашылығана келіп, орманшы болды. Соғыс ардагері отыз бес жыл Лепсі бау-бақша және орман шаруашылығы кәсіпорнында еңбек етті. Тұнұсбектің баласы 17 жасар Әлкен еңбек жолын Лепсі жеміс-жидек орман шаруашылығында тракторшы болып бастады. Осы уақыттан бастап оның еңбек жолы өрлей бастады және 2010 жылы «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ Лепсі филиалының директоры қызметін атқарып, осы жерден зейнеткерлікке шықты. Ата жолын жалғаған Әлкеннің ұлы Рамазан 1999 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, соның өзінде 2019 жылы Лепсі филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды. Рамазан Әлкенұлы адамдармен қалай қарым – қатынас жасау білетін, өз ісін білетін, қарамағындағылардың тағдырын ойлайтын адам. #ОрманҚызметкелеріКүні #ForestryWorkersDay #SaveOurForests #ДеньРаботниковЛеса #work #Ecosystem #Congratulations #Nature #ForestWorkers #Kazakhstan #Ecology #Biodiversity #орманқорғау #орман #орманшаруашылығы #жануарлардүниесі #өртсөндірушілер #табиғатқорғауқызметкерлері #табиғатқорғау #лесноехозяйство #мирживотных #пожарные #сотрудникиохраныприроды #wildlife #firefighters #natureconservation #natureconservationofficers #forest