🌿 Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. Осы жолда Қамзановтар әулеті,атап айтқанда Қамзанов Асан және жұбайы Бекбосынова Назиланы ерекше бағалауға болады.Қазіргі таңда 15 жылдан астам уақыт Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиға паркінде қызмет жасайды. Еңбек жолында табиғат қорғау шараларымен қоса, оны келешек ұрпаққа, жастарға дәріптеуді мақсат етеді!Жер шарына, сан мыңдаған ғаламға көрік беріп сән келтіріп тұрған біздің қоршаған орта мен табиғатымыз екені айдан анық. Барлық кен де, байлық та, сұлулық та осы табиғат анамыздың қойнауында. Ағаштың жемісін жеймін десең түбіне балта шаппа деп Саиф Сарай айтқандай табиғатты аялау, оны қорғау біздің басты парызымыз.
#ОрманҚызметкелеріКүні #ForestryWorkersDay #SaveOurForests #ДеньРаботниковЛеса #work #Ecosystem #Congratulations #Nature #ForestWorkers #Kazakhstan #Ecology #Biodiversity #орманқорғау #орман #орманшаруашылығы #жануарлардүниесі #өртсөндірушілер #табиғатқорғауқызметкерлері #табиғатқорғау #лесноехозяйство #мирживотных #пожарные #сотрудникиохраныприроды #wildlife #firefighters #natureconservation #natureconservationofficers #forest