Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » 15 наурыз — Қайырымдылық күні

15 наурыз — Қайырымдылық күні

“Жоңғар-Алатауы МҰТП” РММ Сарқан, Алакөл, Лепсі филиалдарында Наурыз мерекесін қарсы алуға бағытталған жоспары негізінде күнделікті Наурызнамаға сай іс- шаралар өтуде.
15 наурыз — Қайырымдылық күнін тек материалдық көмек көрсету ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр қоғамға жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады.
Бүгін филиалдар қызметкерлері ауыл тұрғындарына қайырымдылық көмегін көрсетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған