Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні»

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні»

21 сәуір күні «Жоңғар Алатауы» МҰТП қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен, ормандарды сақтау және жаңғырту идеясын қолдау үшін жыл сайын «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы өткізілді,ағаш отырғызу күніне орай парк аумағында 351 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Іс-шараның негізгі мақсаты экологиялық мәдениет деңгейін арттыру, орманды жаңғырту идеясын қолдауға жұртшылықтың назарын аудару, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігі болып табылады. «Ағаш ексең аялап, басыңа болар саябақ», дегендей, өскелең ұрпаққа өнеге көрсету міндетіміз.
Қатысушылардың саны 222 адам.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған