Күздің қарбалас күндерімен жарыса өрт қауіпі туындайтын белгілі. Жалпы, жер бетінде өрт тұтатушы факторлар жетерлік. Шоқтың шаласынан, сіріңкенің толық өшпеуінен, шылымның қалдығынан пайда болатын өрттің соңы адамзат өміріне үлкен қауіп төндіретін апатқа айналып жатады. Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Күз мезгілінде ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Өрттің шығу себептеріне тоқталсақ, олардың біреуі тұрғындардың кінәсінен, ал тоғызы найзағай салдарынан. Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандары үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367 бабының 3 тармағына сәйкес орманда өрт қауіпсіздігі тараптарын бұзғаны үшін азаматтарға 100 АЕК (306300 теңге) әкімшілік айыппұл салынады. Орман қорғау мемлекеттік мекемесінің жазалайды. Орман өрттерінің алдын алу мақсатында көктемгі және күзгі кезеңдерде мемлекеттік орман қорына іргелес аумақтардағы шөптерді өртеу және шабу жұмыстары атқарылды. «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі биылғы жылдың өрт қаупі маусымына дайындықтарын алдын алуда. Жалпы өрт қаупі маусымы сәуір айынан қараша айына дейін белгіленген. Осы орайда орман өрттерінің алдын алу мақсатында дайындық кезінде мемлекеттік инспекторларға техникалық сабақтар жүргізіліп, өртке қарсы құрал-жабдықтар жинақталып, жаңартылды. Орман қоры аумағындағы жол жиектерінде өртке қарсы аншлагтар орнатылып, минералды алқаптарға күтіп баптау жұмыстары да жүргізілуде, паркке шекаралас елді-мекендермен жеке шаруа қожалықтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертулер берілді. Көбіне саяхатшыларымыз жақсы, табиғаты сұлу жерлерге барып демалады. Сондықтан әрқайсысы өрт қауіпсіздігін сақтап, сөндірілмеген темекі қалдығын, жағылған сіріңкені тастамай, ашық от көздерін қатаң түрде пайдаланбауын, және отырған орындарын тазалап кетулері керек. Сондықтан Орманды өрттен сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу әр азаматтың адамгершілік борышы