Халықаралық мұражай күні 1978 жылы Халықаралық мұражайлар Кеңесінің ХІІ Бас Ассамблеясының шешімімен жарияланды. Бұл мереке жыл сайын 150-ден астам елде атап өтіледі. Бұл күні мұражайларда ашық есік күні өтеді, сол күні келушілер барлық көрме мен экспозицияларды тамашалай алады. Қазақстанда 200-ден астам мұражай бар. Халықаралық мұражай күніне орай “Жоңғар-Алатауы МҰТП” экологиялық ағарту инженерлері Н. Островский мектеп оқушыларына Сарқан ауданының тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Сонымен қатар, Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 145 жыл толуына орай мұражай кабырғасында көрме безендіріліп, келушілерге мұражай қызметкерлері экскурсия жүргізді. Еліміздің мәдени мұрасы мен ұлттық дәстүрлерін қастерлейтін қадірлі жандарды мерекемен құттықтаймыз! Сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіз біздің қоғам үшін өте маңызды! Сіздер болашақ ұрпақ үшін еліміздің жарқын әрі бірегей тарихыннан сыр шертетін ең құнды байлықты сақтап, еселі еңбек етіп келесіздер.
✍🏼Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімі
#парктершеруі2024☘️ #шыұ_2024_экология_жылы
#ЭТРМ #МЭПР- министерство,
#ОШЖДК #КЛХЖМ-комитет