“Жоңғар Алатауы МҰТП”РММ Алакөл филиалының экологиялық ағарту инженері Бекбосынова Назила Ерсерикқызы Ақжар ауылындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларына “Парктер шеруі-2024”табиғатты қорғау акция аясында “Су-тіршілік көзі” атты ашық сабақ өткізді. Іс- шара оқушыларды сөйлесу әрекетіне, салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты қорғауға бейімдеу, оқушыларды өзіндік ізденісі негізінде судың тіршілік көзі екендігі жайлы ұғым беру мақсатында өткізілді. Дамытушылық міндеті: оқушылардың өз пікірін айту, өз бетімен жұмыс істеу, ойлау қабілетін дамыту.Тәрбиелік міндетті: судың қасиеті туралы толығырақ айтып, балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыру, өзін- өзі басқаруға жетелеу.
✍️Алакөл филиалы