Жетісу өңірінде құрылған Жоңғар Алатауы МҰТП аумағында тұқым қуалау бірлігі сақталған, генетикалық материал ретінде әлемді мойындатқан Сиверс алмасы орман алқаптары 4 мың гектарға жуық жер көлемін алуда, барлық ұлттық парктердің арасындағы жабайы Сиверс алмасы орман алқаптары бойынша алдыңғы қатарда.
Орманды қалпына келтіру және селекциялық-генетикалық жұмыстар үшін Сиверс алмасының генрезерваттары алқаптары сипатталып 375 га орман генетикалық резерваты таулы орманның мүмкіндігінше аз бұзылған, өзінің фитоценотикалық көрсеткіштері бойынша осы табиғи-климаттық ауданға тән, бағалы генетикалық-селекциялық популяциялары шоғырланған Сиверс алмасының учаскелері алынған.
Ұлттық паркке келушілерге арналған арнайы «Ғылыми-танымдылық туры» (Нақты жабайы жемісті Сиверс алмаағашының өсетін жерлері) туристік маршруты құрастырылған. Сонымен қатар 2018 жылдан бері «Сиверс алмасының гүлденуі» фестивальі аудан-облыс көлемінде өткізілуде.
Биіктігі 6-8 метрге жететін жеміс ағашы. Гүлдері ірі, түсі ақ немесе сұр-қызғылт. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, шілдеден қыркүйекке дейін жеміс береді. Жемісінің түстері бойынша көк, қызыл, қызғыш, сары болып келеді, дәмі қышқыл-тәтті. Сиверс алмасы аязға төзімділігімен, қатал климаттық жағдайларға бейімделуімен ерекшеленеді, зиянкестер мен ауруларға бейімделетін түр ретінде қалыптасты. Дәл осы ерекше қасиеттеріне қарай, генетикалық қор ретінде өте бағалы. Оның көп түрлішілік алуантүрлілікке ие болу қасиеті де бар, тек табиғи парктің аумағында табиғи жабайы орман алқаптарында 40-қа жуық түрі өседі. Бұл маршрут бойында Жетісу Алатауының жапырақты тауларының, жабайы Сиверс алмасы орман алқаптарының әсем көрінісін (әсіресе гүлдену уақытында), генетикалық резерваттарды, реликті алма ағашының көркем табиғатын тамашалауға болады.
«Ғылым» бөлімі
✍️ Б.Сағынғалиева