Сарқан филиалының аумағында орналасқан №3 туристік бағыты әлемге әйгілі Сиверс алма ағашының саябақтары арқылы өтетін, тұмса табиғаты көзге ерекше ыстық болып әр табиғат сүйер жанға ерекше әсер етеді.
Осы бағытқа келу үшін:
Екіаша ауылы Аманжолов көш. 70 а мекен-жайы бойынша келіп, тиісті рұқсат қағаздарын рәсімдеп, туристік маршрутқа бару үшін бекітілген тарифтер бойынша тиісті төлемдерді төлеу қажет.
Сонымен қатар, парк аумағында қауіпсіздік ережелерімен мұқият танысуларыңыз керек.