Дүниежүзілік қар күні 2012 жылдан бастап Халықаралық шаңғы спорт федерациясының ұсынуымен атап өтіледі.
Қар дегеніміз әртүрлі формадағы мұз кристалдарынан тұратын атмосфералық жауын-шашын. Ауа температурасы 0ºС-тан төмен болғанда бұлттардан түседі. Қар ұлпасының салмағы бар болғаны 1 милиграмм.
Кішкентай қар түйіршіктері бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Қардың 90 пайызы ауадан тұрады. Сондықтан, ол жерге өте баяу түседі, сағатына — 0,9 шақырым.
Қар—табиғаттың ерекше құбылыстардың бірі.