Бүгін 23 қазан Халықаралық барыс күні!
Халықаралық қар барысы күні 2013 жылы Дүниежүзілік қар барысын қорғау форумында жарияланды және жыл сайын 23 қазанда атап өтіледі.
Қар барысы таралу ауқымы мен саны азая бастаған сирек түр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабында үшінші санатқа енген.
Қар барыстары 6 метрге дейінгі ұзындыққа және 3 метр биікке секіре алады.
Қар барысы табылған ең биік жер теңіздеңгейінен шамамен 6 шақырым биік орналасқан.
Қар барысының тағы бір атауы – ілбіс. Ол түркі тілінен аударғанда «қар мысығы» деген мағынаны береді.
Қар барыстарының табаны – қысқа әрі бұлшықетті, ал құйрығы – ерекше ұзын. Ол қатты жүгірген немесе секірген кезде құйрығын «тізгін» ретінде пайдаланады. Ілбістердің ұзыдығы 2 метрге дейін жетеді (құйрығымен қоса есептегенде).
Қар барыстары – көшпелілер. Олар мыңдаған шаршы шақырым аумақты үнемі кезіп жүре алады.
Видеороликта ұлттық парктің аумағында фототұзаққа түскен қар барыстары.