«Жоңғар-Алатауы МҰТП-де» Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік жиын өтті. Бас директор М. Кабиев ұлттық парк ұжымын құттықтап, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» қоғамдық бірлестік атынан құрмет грамоталарды табыс етті.
Құрметті әріптестер! Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытып, көркем табиғатымызды қорғап, болашақ ұрпаққа қалдыруда еңбектеріңіз баянды болсын.