Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » #менорманшымын #ялесник

#менорманшымын #ялесник

Ата жолын жалғаған Бұрунғазовтар әулеті

Көптеген жылдар бойы бір кәсіпке адал болған тұтас әулетті кездестіруге болады. Осындай еңбек әулеті Жетісу өңірінің Алакөл ауданы Лепсі ауылдық округінде бар.
​Атасы – Тұнұсбек, әкесі – Әлкен, немересі Рамазан. Соғыстың сұрапыл жылдарының өзінде Тұнұсбек Бұрунғазов орманшы болуды армандаған. Ал соғыс біткен соң Тұнұсбек Бұрунғазов орман шаруашылығына келіп, жұмысқа орналасты. Соғыс ардагері 35 жыл Лепсі бау-бақша және орман шаруашылығы кәсіпорнында еңбек етті.
​Тұнұсбектің баласы 17 жасар Әлкен еңбек жолын Лепсі орман шаруашылығында тракторшы болып еңбек жолын бастады. Осы уақыттан бастап оның еңбек жолы өрлей бастады және 2010 жылы «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ Лепсі филиалының директоры қызметін атқарып, осы жерден зейнеткерлікке шықты.
​Ата жолын жалғаған Әлкеннің ұлы Рамазан 1999 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, Лепсі орман шаруашылығына жұмысқа кірді. 2019 жылдан бастап, Рамазан Әлкенұлы Лепсі филиалы директорының орынбасары қызметін атқаруда.
​Рамазан Әлкенұлы адамдармен қарым – қатынас құра білетін, білікті маман, өз ісіне адал жан.

#менорманшымын#ялесник

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған