Орманшылар күні қарсаңында мақаламызға арқау болған Талғат Өмірәліұлы Құсайынов туралы жазуды жөн санадық. Қызметкеріміз «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-де Сарқан филиалының директоры болып қызметін атқарады. Мінезі ашық, жарқын, адамды бірден өзіне тарта алатын, мықты маман. Қызметкеріміздің Орман шаруашылығындағы еңбек өтілі – 33 жыл.
Ол Қазақ ауылшаруашылық институтын бітіріп, өзінің еңбек жолын 1990 жылы Сарқан орман шаруашылығында орман дайындаушы қызметінен бастаған.
1991 жылы – орман шебері қызметінде болды.
1992 жылы – орман дайындаушы, ағаш кесуші қызметін атқарды.
1993 жылы – орманшының көмекшісі болып тағайындалады.
1996-2010 жылдар аралығында Сарқан орман және аңшылық шаруашылығында орманшы қызметін атқарды.
2010-2017 жылдар аралығында «Жоңғар-Алатауы МҰТП» Сарқан филиалының директор қызметін атқарды, 2017-2021 жылдар аралығында «Жоңғар-Алатауы МҰТП» бас директордың ғылым жөніндегі орынбасар қызметін атқарды.
2021 жылдан осы уақытқа дейін Сарқан филиалының директоры қызметін атқаруда.
Еңбегі үшін алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен, «1941-1945 ж. ж. Отан соғысының жеңісіне 75 жыл» медалімен, «ҚР Мемлекеттік шекарасын қорғаудағы үздік қызметі үшін» медалімен, «Сиверс алма ағашын қорғаудағы ұлттық қордың» төсбелгісімен марапатталған.
#менорманшымын #ялесник