📍«Жоңғар-Алатауы МҰТП» Алакөл филиалының экологиялық ағарту және туризм инженері ұйымдастыруымен, М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары ұлттық парктің Көкжар демалыс орнында «Тентек» өзені жағалауында пластмасса, полиэтилен пакеттері мен қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары бойынша «Таза өзенге-таза жағалау» атты экологиялық акция өткізіліп, қоқыс шығарылды.
Акцияның негізгі мақсаты – жастардың назарын экологиялық мәдениетті қалыптастырудың және пластикалық өнімдерден бас тарту, табиғатты ластамау үшін қолданылған пластикалық қалдықтар және қоқыстарды арнайы жәшіктерге тастау, табиғатты қорғау үшін келешек ұрпаққа үгіт насихат жұмыстарын жүргізу.
Қатысушылардың саны 30 адам . Акцияға қатысушыларға , паркке келушілерге ЕҚТА аумағындағы өрт қауіпсіздігі ережелер туралы, қоқыс қалдықтарын тастамау жөнінде жадынама таратылды.
✍️#Алакөлфилиалы