Skip to content

Марал. Благородный олень. CervuselafusLinnaeus.
Марал- асыл тұқымды бұғылардың қатарына кіретін керемет жануар. Оның мүйіздерінің ерекше емдік қасиеттері бүкіл әлемде бағаланады және басқа тіршілік иелерінде кездеспейді. Бұл жануардың салмағы 300-400 килограмға жетеді. Денесінің ұзындығы 227-244см, биіктігі 142-155см-ге жетеді. Қысқы мезгілде түсі сұр-қоңыр болса, жаз мезгілінде қызғылт түске боялады. Марал басқа бұғы тектес сүтқоректілер сияқты қоныс аударуды ұнатады. Маралдар шағын табын құрып өмір сүреді. Таулы өңірдің ашық беткейлерін, орман ішін, субальпі және альпі шабындықтарын мекендейді. Табын мөлшері мекендейтін жерге байланысты өзгеріп тұрады. Қыста таудың етегіне қарай түссе, жазда таудың жоғары белдеулеріне қарай көтеріледі. Негізгі қоректері 250 түрлі шөптесін өсімдіктер және бұталы өсімдіктер. Шағылысу кезеңі қыркүйекте басталып қазан айының ортасына дейін жалғасады. 8-8,5 айдан соң маусым айында төлдейді.Жаңа туған бұзаудың саны 10-14 кг, түсі-қоңыр, денесінің екі жағында бірнеше қатар ақ теңбілі болады. Туғаннан соң 18-20 күннен кейін шөппен қоректене бастайды.
«Жоңғар Алатауы» МҰТП аумағында ерекше қорғаудың нәтижесінде саны артып келеді.Мысалы 2016 жылы маралдың саны 1482 басқа болса, 2022 жылғы санақ бойынша 1766 басқа жетті.
Маралдың негізгі жаулары: қасқыр, тянь-шань қоңыр аюы, түркістан сілеусіні, қар барысы.
✍️Ғылым бөлімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған