14-20 маусым аралығында «Жоңғар-Алатауы» МҰТП қызметкерлері ұлттық парктің табиғат мұражайына балаларға экскурсия өткізді. Іс-шараға Тасарық орта мектебінің (Абай ауылы) 1-4 сынып оқушылары, Балалар шығармашылық үйінің оқушылары, Алмалы орта мектебінің 3-4 сынып оқушылары, Қойлық орта мектебінің 3-4 сынып оқушылары, Ақтұма орта мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты.
Экскурсияның мақсаты – мектеп оқушыларын ұлттық парктің негізгі міндеттерімен, жұмыс бағыттарымен және туристік мүмкіндіктерімен таныстыру.
Экскурсия барысында мектеп оқушылары ұлттық паркте өсетін өсімдік түрлері, мекендейтін жануарлар мен табиғи, тарихи-мәдени жерлері туралы ақпарат алды. Барлық оқушылар экскурсияға белсенді қатысты.
Қатысушылардың саны – 146 оқушы.