Ағымдағы жылдың 3 маусымында «Жоңғар Алатауы МҰТП» РММ Алакөл филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Көкжар орманшылығы #1 айналымдағы орналасқан демалыс орнында «Пластик қолдануға қарсымыз» атты экологиялық акция өткізілді. Акцияның мақсаты табиғатты ластамау үшін сенбілік жұмыстары мен қолданылған пластикалық қалдықтар және қоқыстарды арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау, келешек ұрпаққа үгіт насихат жұмыстарын жүргізу. Қатысушылардың саны 40 адам.
#Алакөлфилиалы