2 -5 маусым күндері «Жоңғар-Алатауы» МҰТП «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау» күніне орай мектеп оқушыларына экологиялық экскурсиялар өткізілді. Экскурсияға Абай атындағы орта мектеп-гимназияның 1-2 сынып оқушылары, №1 орта мектеп-гимназияның 5 сынып оқушылары, Н.Островский атындағы орта мектептің 6-7 сынып оқушылары, К.Қазыбаев атындағы орта мектептің 6 сынып оқушылары қатысты.
Экскурсияның мақсаты – мектеп оқушыларын ұлттық парктің негізгі мақсаты, жұмыс бағыттары, туристік маршруттары және
табиғат мұражайымен таныстыру. Экскурсия барысында мектеп оқушылары ұлттық паркте өсетін өсімдік түрлері, мекендейтін жануарлар мен табиғи, тарихи-мәдени жерлері туралы ақпарат алды.
Экологиялық экскурсия «Сарқан орман тұқымбағы» № 6 туристік маршрутымен жалғасты. Мектеп оқушылары бақылау алаңдар және жас ағаштар туралы қызықты мәліметтер алды.
Қатысушылардың саны – 200 оқушы.