Құрметті «Жоңғар-Алатауы МҰТП» қонақтары, өрт қауіптілігінің төтенше сыныбына (V сынып) байланысты ұлттық парк аумағында от жағуға қатаң тыйым салынады!
Өрт қаупі бар маусымда орман қоры аумағында:
1) жас қылқан жапырақты ағаштарда, ескі өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерінде (жел, дауыл құлатқан), кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған сүрек жатқан кеспеағаштарда, шөбі қурап қалған жерлерде, сондай-ақ ағаштар ұшарбасының түбінде от жағуға жол берілмейді;
2) жанып тұрған шырпыны, темекі тұқылын тастауға және темекі тартатын трубкалардан ыстық шоқтарды қағып түсіруге;
3) аң аулау кезінде тез немесе бықсып жанатын материалдардан жасалған оқ тығындарын пайдалануға;
4) жанар-жағармай заттары сіңген сүрту материалын олар үшін арнайы көзделмеген орындарда қалдыруға;
5) іштен жанатын қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда отын багына жанармай құюға, оталғышының май шашу жүйесі бұзылған машиналарды пайдалануға, сондай-ақ жанар май құйылып жатқан машиналардың жанында шылым шегуге немесе ашық отты пайдалануға тыйым салынады.
Өрт қаупi жағдайын бәсеңдету мақсатында орман иеленушілер өткiзетiн орман қоры аумағындағы және оған iргелес аумақтарда басқарылатын өртеуден басқа, жердiң барлық санаттарында шөптесiн өсiмдiктердi жағуға рұқсат етілмейді.