Жабайы шошқа өзен-көл жағалауларындағы ну қамыстар мен тоғайларда, су көзінен алыс емес теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікке дейін тіршілік етеді. Негiзгi мекендейтiн жерлерi-шыршалы ормандар, қалың бұталы жапырақты ағаштардың жайылмалы ормандары. Олар мегежіндерден, торайлар мен бір жасқа дейінгі торапайлардан тұратын жеке жанұя құрады. Жабайы шошқалардың иіс сезу және есту мүшелері жақсы жетілген. Жабайы шошқалар қорек талғамайды десе де, өсімдіктектес азық – өсімдіктердің тамырсабағы, түйнегі, жуашығы қорек ретінде басты роль атқарады. Парк аумағына құрылған фототұзақтарға жиі түсіп тұрады.
✍️Ғылым бөлімі