Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » 11 желтоқсан-Халықаралық таулар күні!

11 желтоқсан-Халықаралық таулар күні!

Бұл күннің негізгі мақсаты – әлемнің табиғи байлығын сақтау, таулы аймақтардың байырғы тұрғындарын қолдау, тау жоталарының проблемалары мен маңыздылығы жайлы халықты хабардар ету.

⛰️»Жоңғар -Алатауы»МҰТП орта және биік таулы белдеулерде орналасқан. Жоңғар Алатауы тау жүйесі Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда мұздықтар көлемі бойынша бірінші орында.

Барлығы Жоңғар Алатауында 1000-ға жуық мұздықтар бар. Осы мұздықтардың көпшілігі Жоңғар Алпатауы МҰТП аумағында орналасқан. Үлкен Айдаусай (139.2 км2), Басқан (197.9 км2) өзендерінің бассейндерінде айтарлықтай мұздану шоғырланған, бірнеше ірі мұздықтар Лепсі өзенінің бассейнінде орналасқан. Тентек өзенінің бассейнінде 165 мұздық бар, бірақ олардың көлемі кіші болуына байланысты бассейннің мұздану аймағы салыстырмалы түрде аз (94.0 км2). Жотаның солтүстік беткейінде жекелеген мұздықтардың төменгі шекарасы 2850-3000 м биіктікте, Лепсы өзенінің бассейнінде – 3400-3600 м, Айдаусай өзенінің бассейнінде – 3500-3700 м теңіз деңгейінен биіктікте орналасқан. Жоңғар Алатауының ең биік шыңы Семенов Тяньшаньский (4622 м) шыңы біздің парктің аумағында орналасқан. Осы мұздықтардың төменгі жағында парктің әсем флорасы мен фаунасымен танысуға болады. Ұлттық парктің бұл жерлерінде тасты, құзды жоталардың, асау ағысты өзендер, мореналық көлдер және тау көріністері баурап алады.

✍️ Ғылым бөлімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған