Erebia turanica Erschoff, 1877-тұран барқыт көбелегі. Таралуы. Қырғыз жот., Іле Алатауы, Күнгей Алатауы (ssp. Laeta Staudinger, 1881), Кетмен жот., Жоңғар Алатауы және Тоқсанбай мен Тынықантау жоталары (ssp. Turanica). Әр түрлі экспозициялардағы таулардың баурайындағы ылғалды шалғындар және 1200-3000 м. биіктіктегі өзен аңғарлары. Ұшу кезеңі: мамыр-шілде. Азық өсімдіктері-Poaceae. Жаппай түрі.Парк аумағында Лепсі филиалы, Жаланаш шатқалында кездестіріліген .