Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » 23 қазан- «Дүниежүзілік қар барысы күні»

23 қазан- «Дүниежүзілік қар барысы күні»

Қар барысы – еліміздің ұлттық символдардың бірі. Қазанның 23 күні – «Дүниежүзілік қар барысы күні» аталып өтіледі. 22.10.2024 жылы ұлттық парк мекемесінде «Қар барысын бірне қорғайық» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға Сарқан ауданының мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара аясында сурет салу байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаз атанған оқушылар парктің арнайы дипломдары және сыйлықтарымен марапатталды. Қар барысын сақтау – біздің ортақ міндетіміз. Іс-шараға қатысқан барлық мектеп оқушылары мен ұстаздарға үлкен алғысымызды білдіреміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған