Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Мемлекеттік инспектордың бір күндік жұмысына бақылау жүргізілді

Мемлекеттік инспектордың бір күндік жұмысына бақылау жүргізілді

Ұлттық парктің негізгі міндеттерінің бірі – флора мен фаунаның сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген және аса құнды түрлерінің бірегей табиғи кешендерін сақтау болып табылады.

Бүгін сіздерге ұлттық паркте қызмет істегеніне 10
жыл болған, Үйгентас орманшылығының мемлекеттік инспекторы Аманкулов Муратхан Сатыбалдыұлының бір күндік жұмысын көрсететін боламыз.

«Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында кездесетін құстардың 21 түрі индикаторлық түрлер, оның ішінде 13 түрі ҚР Қызыл кітабына енгізілген. Сүтқоректілер-15 түрі индикаторлар, қызыл кітапқа енгендеры 6 түр, өсімдіктердің 22 түрі индикаторлар, және саңырауқұлақтар -7 түрі кездеседі.

Сегізбай, Сарытекше шатқалдарында орналасқан 5682 мың гектар жерді алып жатқан Үйгентас орманшылығының көп бөлігін жайылым және орманды алқаптар қамтиды.

Муратхан Сатыбалдыұлының атқарып жатқан жұмысын бір күнге сыйғызу мүмкін емес, себебі құстардың қоныс аударуы және жұмыртқа басуы, жан жануарлардың төлдеуі, жыртқыш аңдардың азаюы немесе көбеюі, таулы аймақтардағы жабайы жануарлардың қоныс аударуы, өсімдіктердің таралу аймақтары, олардың гүлдеуін бақылау секілді тағысын тағы басқа жұмыстардың әртүрлілігі мен қатар күндіз түні қасақана аңшылыққа қарсы рейдттік жұмыстарды көрсету үшін бір күн аздық етеді. Орман пайдаланушылар, жеке шаруа қожалықтары және мектеп оқушыларымен орманда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, табиғатты аялауға, қоқыс тастамау тақырыбында үгіт насихат және дәріс сабақтары жүргізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған