2 қазан күні “Жоңғар-Алатауы МҰТП” РММ экологиялық ағарту инженерлері мен мұражай меңгерушісі “4 қазан — Дүниежүзілік жануарлар күніне” орай “Нұр” Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының арнайы қызмет алушыларға ұлттық парктің табиғат мұражайына экскурсия ұйымдастырды.
Дүниежүзінде 4 қазан — жер бетіндегі жануарларды қорғау мақсатында бекітілген атаулы күн.
Бұл күннің мақсаты— жануарлардың ешбір түрін елеусіз қалдырмау, қоршаған ортаны бай қалпында сақтауда жануарлардың мол үлесі барын мойындау.
Экскурсия барысында экскурсанттар ұлттық парктің аумағында мекендейтін фауна өкілдерімен танысып, толық мәлімет алды.