27 қыркүйек күні «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ экологиялық инженерлерінің ұйымдастыруымен «27 қыркүйек — Дүниежүзілік туризм күніне» орай Абай атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларына туристік эко-практикум өткізілді.
Эко-практикум барысында ұлттық парктің табиғат мұражайына экскурсия ұйымдастырылып, оқушыларға парк туралы толық ақпарат берілді.
Іс-шара барысында оқушыларға викторина, спорттық ойындар, туристік палатканы құру бойынша мастер-класс өткізілді. Барлық оқушылар практикумға белсенді қатысты.
Қатысушылардың саны — 20 оқушы.