Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » № 15 туристік маршрут «Ақкөл» шатқалы

№ 15 туристік маршрут «Ақкөл» шатқалы

Маршрут бойындағы тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы:

  1. «Әулиетас» киелі жері. Екіаша ауылының маңында Сарқан ауданының Екіаша ауылын қоршап тұрған таулы жерлерде жасырылған қасиетті тас болып табылатын «Әулиетас» жергілікті киелі жері орналасқан. Тас орналасқан жер өте таңғажайып, айналасында әр түрлі өсімдіктер өседі. 2. Петроглифтер. Марқатау тауларының етегінде табиғат ескерткіштері – ерте темір дәуіріне жататын петроглифтерімен танысуға болады.
  2. Киікбай шатқалы. Жол бойында Киікбай шатқалының қылқан жапырақты орман алқаптарының табиғи көрінісі.
  3. Қарасырық өзен аңғары келушілерді өзен алқабының табиғи көрінісімен таңқалдырады.
  4. Айдаусай шатқалы. Қарасырық шатқалындағы Айдаусай тас шатқалының көрінісі ашылады. Айдаусай шатқалы 1982 ж. сел ағынынан сол жақ саланың жоғарғы бөлігінен өзен аңғарына дейін биіктігі 10 м дейін жететін балшық тас толқынынан пайда болды.
  5. «Ақкөл» көлі. Ақкөл көлінің қалыптасу жүйесі каскадты, 1 үлкен және 2 шағын көлдерден тұрады. Үшінші көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде Тушинский мұздығы орналасқан.
    Көлдер соңғы онжылдықтарда мұздықтардың белсенді азаюы нәтижесінде пайда болды. Сонымен қатар, мұздықтағы үлкен көл басқа екі су айдынының профилінен бірнеше метр биіктікте орналасқан.
    Көлді барынша толтырған кезде көлден толып кету орта моренаның орталық бөлігінде төменгі су айдындары бағытында жүзеге асырылды.
    Көлдер тасты беткейлермен және тастармен қоршалған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған