Маршрут жол бойынан 700 м қашықтықта орналасқан «Желісай» тау жотасы арқылы өтеді. Маршрутта Лепсі өзені жағалауындағы археологиялық қазбалар, «Үйгентас» моласы, Лепсі ауылының тарихи орындары, қасиетті «Әулиетас» тарихи ескерткіштері мен «Марқатау» тауынан петроглифтерді көруге болады. «Кіші Басқан» өзенінің аса биік гранитті табалдырығымен ағып жатқан сарқырама байқауын тамашалап, дәл жартастың үстінен өскен айбынды шыршалар көрінеді.
Өзенде балықтардың әр түрі, соның ішінде қабыршақсыз көкбас, жануар әлемінен Тянь-Шянь қоңыр аюы, сібір елігі, тас сусары, маралдар, көк құстар және т.б. мекендейді. «Өтепсай» және «Жамансай» шатқалдарының айбынды, биік таулары мен мұздықтардың, көрінісі тамашаланады.
Маршрут бойынша қарап-көру нысандары- Лепсі ауылына дейін әсем шыршалы-самырсын орман белдеуі және Жоңғар Алатауының «Кіші Басқан», «Үлкен Басқан» өзен алқаптары мен мұздықтардың көркем табиғат көріністері болып табылады.