2024 жылдың 11 маусым күні «Жоңғар-Алатауы” МҰТП қызметкелері, Сарқан ауданы әкімшілігі, «Sarqan jastary» еріктілердің және жергілікті тұрғындардың қатысуымен ұлттық парктің №3 “Ғылыми танымдылық” туристік маршрут бойымен өтетін «Теректі» өзені жағалауын және мекеме ауласын пластмасса, полиэтилен пакеттері мен қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары бойынша «Таза Қазақстан» атты экологиялық акция өткізілді. Акция аясында 0,8 т қоқыс қалдықтары шығарылды. Акцияның негізгі мақсаты – жастардың назарын экологиялық мәдениетті қалыптастырудың және пластикалық өнімдерден бас тарту, табиғатты ластамау үшін қолданылған пластикалық қалдықтар және қоқыстарды арнайы жәшіктерге тастау, табиғатты қорғау үшін келешек ұрпаққа үгіт- насихат жұмыстарын жүргізу.
Қатысушылардың саны – 95 адам.