5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күннің мақсаты – қоршаған ортаның мәселелеріне әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай “Жоңғар-Алатауы МҰТП” экологиялық ағарту инженерлері Ақсу ауданының Еңбек ауылындағы орта мектептің ұстаздарымен бірлесіп экологиялық кездесу өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық парктің флора және фаунасымен танысып, парк туралы жаңа мәліметтер алды.