Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Қар қабатын бақылау

Қар қабатын бақылау

«Жоңғар -Алатауы МҰТП» аумағында қар қабатын бақылау қар қабатының сипатын, биіктігін және түскен қардың қалыңдығын анықтаудан тұрады. Бақылау қар қабаты пайда болған сәттен бастап метеоалаң ауданынан қар толық еріп кететін сәтке дейін жүргізіледі. Қар қабатының биіктігін күн сайын бақылап отыру үшін қар өлшейтін сырықтар қолданылады. Қардың биіктігі тәулігіне бір рет сағат 09:00-де анықталады. Парк аумағында қар өлшейтін сырықтарымен жабдықталған 14 алаң бар. Бүгінге қаңтар айында қар қабатының ең биік көрсеткіші Осиновая және Көкжар сай-салаларында тіркелді, қар қабатының биіктікті 70 см құрады.

✍️Ғылым бөлімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған