«Жоңғар Алатауы МҰТП» РММ Сарқан филиалының ұйымдастырылуымен Қазақстан Республикасының «Орман шаруашылығы қызметкерлері» күні аталып өтті. Іс -шара барысында ұлттық парк директоры М.Н.Кабиев Орман шаруашылығы саласында қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлерін I-ші, II – ші, III- ші дәрежелі төсбелгілерімен, алғыс хаттарымен марапаттап, естелік сыйлықтары табысталды. Мерекелік кешке Сарқан ауданы әкімінің орынбасары А. Ажарханұлы қатысып, өз құттықтауын білдірді. Аудандық полиция бөлімі, шекара басқармасының басшылары келіп, мерекелік кеш куәсі болды. Іс-шара мерекелік концертпен басталып, ары қарай ұйымдастырылған спорттық ойындардан жарыс өтіп, жеңімпаздар мадақтама грамоталарымен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты, еңбектеріңіз жемісті болсын!