4 қазан — Дүниежүзілік жануарлар қорғау күніне орай “Жоңғар-Алатауы МҰТП” РММ-нің “Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту” бөлімінің қызметкерлері Алмалы орта мектебінің 5, 8, 11 сынып оқушыларына “Жануарларды қорғайық!” атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында аңшылықтанушы мамандар оқушыларға өз жұмыстарының ерекшеліктері, рейдтік іс-шаралар туралы ақпарат беріп, фототұзақ аппаратымен, смарт-құрылғысымен және дүрбімен таныстырды. Оқушылар қызығушылық танытып, өз сұрақтарын қойды.
Қатысушылардың саны — 40 оқушы.