4 қазан — Дүниежүзілік жануарлар қорғау күніне орай “Жоңғар-Алатауы МҰТП” РММ-нің “Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту” мен “Рекреация, экологиялық ағарту және туризм” бөлімдерінің қызметкерлері Алмалы орта мектебінің 5, 8, 11 сынып оқушыларына жануарларды қорғау мақсатында семинар-сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға ұлттық паркте мекендейтін жануарлар туралы бейнематериал көрсетіліп, қызықты ақпарат берілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.