Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Жабайы жеміс ормандарының маусымдық көрінісі

Жабайы жеміс ормандарының маусымдық көрінісі

Жуырда күнтізбелік жұмыс жоспары бойынша Ғылым бөлімімен Алакөл, Лепсі филиалдары аумағындағы жабайы жемісті орман алқаптарында Сиверс және Недзвецкий алмаларының фитосанитарлық жағдайы, жабайыжемістілердің шығымдылығына көз мөлшермен бағалаулар мен қадағалаулар жүргізілді: ағымдағы жылы жабайыжемісі Сиверс алмасы алқаптарының шығымдылығы В.Г.Каппер шәкілі бойынша 5 балл, яғни өте жақсы өнім байқалды, обьектілерді күзетуді орман айналымының мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады; жабайыжемісті орман алқабы, оның ішінде белгіленген Сиверс алмасы генетикалық резерваттары маңында, көрнекі жерлерде қорғау шаралары жөніндегі панно-аншлагтар орналасқан. Жабайы жемісті Сиверс алмасы орман алқабындағы мемлекеттік инспекторлар құрамымен жабайыжемісті Сиверс алмасы орман алқабының қазіргі жағдайы, оларды қорғау жөнінде атқарылатын іс-шаралар және қарастырылған жауапкершілік туралы семинар өткізілді.
Фитосанитарлық жағдайына келетін болсақ: жемістері барлығы дерлік тазқотыр ауруларына шалдыққан, жеміс беріп тұрған алмағаштар кәдімгі құлмақпен бойлап оралған. Бұл жағдайлар оларға тұрақты орманпатологиялық қадағалаулар жүргізуді қажет етеді.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - whatsapp-image-2024-09-03-at-16.35.26-1-1024x684.jpeg

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған