25.09.2024 жылы жұмыс жоспарына сәйкес, «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің экологиялық ағарту инженерлері Алмалы орта мектебінің 8-9 сынып оқушыларына дәріс сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» табиғи мен тарихи-мәдени жерлері туралы бейнематериал көрсетіліп, ұлттық парк туралы толық ақпарат берілді.
Қатысушылардың саны — 50 оқушы.