Жоңғар Алатауы МҰТП–нде табиғи орман экожүйелерінде бөтен текті түрлердің таралуы үнемі бақыланады, жыл сайын бөтентұқымды ағаш түрлерінің үлесі өсуіне байланысты, бөтентұқымды түрлерге бақылау шаралары қолданылады. Осы табиғи орман жүйелерінде, жабайы жемісті ормандарына орман фитоценоздарын өзгертуге қаблетті бөтентұқымдас түрлердің басқыншылық рольін үнемі бақылап отыру қажет.
Бөтен түрлердің, әсіресе агрессивті инвазив түрлердің таралуы тек адамзат іс-әрекеті әсерімен ғана емес, сонымен қатар табиғи факторлармен (жел, су, жануарлар, т.б.) таралу жағдайлары біздің ұлттық паркте орын алады және антропогендік факторлардың әсерінен өсімдіктердің инвазиялық түрлері жаңа аумақтарға еніп, қоршаған ортаға қауіп төндіруі,тіпті, жергілікті түрлерді мысалы Сиверс алмасын ығыстыруы, экожүйелер құрылымының өзгеруіне әкелуі әбден мүмкін.
Бөтентұқымдас ағашты-бұталы өсімдіктерден іс сапар барысында шомырт, шаған, емен, қараған, кәдімгі шыршалар кездестіріліп, олардың таралуы, фитосанитарлық жағдайы және табиғи ортаға әсері бақыланды.
Үйеңкінің өсу қарқыны зерттеуді қажет етеді, өсу қарқыны жақсы, кейін таралу деңгейіне байланысты тіршілік аясында айқын бәсекелестік туындайтыны сөзсіз.
Келешекте инвазиялық түрлердің таралу салдарын болдырмау үшін бастапқы іс-шара ретінде, олардың санын бақылау және тоқтатуда ертеден ескерту жүйесін құру және үнемі енгізу маңызды.
✍️Ғылым бөлімі.