Жоңғар Алатауы МҰТП аумағы флорасы өте бай өлке. Олардың ішінде шаруашылық маңызды дәрілік өсімдіктер де аз емес.
🌱Қосүйлі қалақай – Крапива двудомная – парк аумағында орман белдеуінде кең тараған дәрілік өсімдік. Медицинада жапырағын, гүлін және тамырын пайдаланады. Бүйрек, асқазан, қанді ірің аралас іш өтуге, көршиқан, ревматизм, демікпе, өкпе құрты ауруларына, шаш түсуіне қарсы дәрі болып есептеледі.
🌱Жіңішке жапыроақты иван шай – Иван-чай узколистый – парк аумағында ылғалды жерлерде, тұма, өзен жағалауларында орман, субальпі белдеулерінде кеңінен таралған өсімдік. Медецинада шөбін пайдаланады. Тыныштандыруға, асқазан-ішек ауруларына, зат алмасу бұзылғанда, қан азда және жүректің жұмысын жақсарту үшін өте тиімді.
🌱Кәдімгі жұпаргүл – Душица обыкновенная – парк аумағында орман белдеуінде кеңінен таралған өсімдік. Медецинада гүлдеген сабағын пайдаланады. Ішек, асқазан қызметін жақсарту, түйілуді жазу үшін, суық тигенде, жөтелге, демікпеге, өкпе туберкулезіне пайдаланады.
🌱Биік андыз – Девясил высокий – парк аумағында орман белдеуінде өседі. Медецинада тамырсабағы мен тамырын пайдаланады. Қақырық түсіруге, тыныс алу жолдарының ауруларына және зәр айдау үшін пайдаланады.
✍🏼Ғылым бөлімінің басшысы Ж. Нургожанова