Fusarium – саңырауқұлақ инфекциясы, қоздырғышы – (Fusarium) тұқымдасына жататын саңырауқұлақ. Әдетте, иммунитеті өте әлсіреген өсімдіктер фузариозбен ауырады, бұл қолайсыз экологиялық факторлардың әсерінен болуы мүмкін.
Ең бірінші белгі – тәждің бірте-бірте жұқаруы, ол қызыл немесе сары-қызыл түсті болуы мүмкін, жоғарғы жағындағы бұтақтар кебеді, қылғандар құлап немесе орнында қалуы мүмкін, бірақ реңі сары-қызыл болады;
Даму циклі
Инфекцияның дамуы ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, көбінесе тамырлар зақымданып өсімдікті қорекпен қамтамасыз ете алмай тіршілігін тоқтатқанға дейін бірнеше жылдар өтеді.
Ауру көп мөлшерде қалың қарлы қыстан кейін белсенді түрде дамиды, көктемде топырақта ылғал мол болған кезде, содан кейін жаз салқын және жаңбырлы болғанда. Мұндай жағдайларда өсімдік тіпті бір маусымда тіршілігін тоқтатуы мүмкін, әсіресе ол жас өсімдік болса.
(1-сурет. Шырша фузариозі (Лепсі филиалы, Жалаңаш орманшылығы. маусым 2024 ж.)
(Сурет 2. Арша фузариозі. Сарқан филиалы, Аманбөктер орманшылығы №2 фенологиялық алаң. маусым 2024 ж.)