Skip to content
Басты бет » Жаңалықтар » Жасылкөл көлі

Жасылкөл көлі

ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ КҮЗГІ ДЕМАЛЫС
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілімен ұштасады. Міне, төрт мезгілдің ішіндегі ең шұрайлысы күз де келіп жетті. Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күзгі демалыстың айтарлықтай артықшылықтары көп.
Біріншіден, күзгі ауа өте таза әрі хош иісті болып келеді. Ормандағы серуен кезінде Сіз денеңізге өте қажет оттегімен толық дем ала отырып, ерекше хош иісті ноталарды ала аласыз.
Екіншіден, күзде оңтайлы температура режимі жиі байқалады. Яғни, жаз мезгіліндегідей ыстық емес, аса суық емес, орташа ауа температуралы ауа райы.
Үшіншіден, орташа тәуліктік температураның әсерінен көптеген тітіркендіргіш жәндіктер мазаңызды алмайды.
Төртіншіден, алауантүсті күзгі пейзаждардың көрінісі– бұл шексіз сиқырлы көрініс. Су бетінде көрінетін ашық сары-қызыл палитраға қарап, Сіз нағыз эстетикалық ләззат ала аласыз. Осындай табиғи сұлулықпен сүйсінген әр адамның көзі қуанады, ішкі әлемінде үйлесімділік пен тыныштық орнайды.
Бесіншіден, күзде орман жемістерінің итмұрын, қожақат, қойбүлдірген,долана секілді хош иісі мен дәмі өзі бір ерекше әсер береді.
Жоңғар Алатауындағы «Төменгі Жасылкөл көлі» туристік маршруты Сіздерді күзгі экскурсияға шақырады.
🎥 @19_region

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған