Қоршаған ортадағы қоқыстарды қадағалау, оның заңға сай белгіленген орындарға төгілуі мен тазалануын ұйымдастыру жұмыстары аса маңызды. Осы мақсатта ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары туристік маршруттар бойында тазалық жиі жүргізіп отырады. Сондай-ақ, #5 туристік маршрут аумағында Сарқан филиалының мемлекеттік инспекторлары тазалау жұмыстарын жүргізді. Аудан тұрғындары және әсем табиғатымызды тамашалауға келген келушілер назарына табиғат аясына шыққан кезде туристік маршруттарда тазалықты сақтауларыңызды, арнайы көрсетілген қоқыс тастау орындарына қоқыс қалдықтарын тастауларыңызды сұраймыз.
✍🏼Сарқан филиалы