Су тасуы – жылдың ең үлкен сулылығымен, су деңгейінің жоғары және ұзақ көтерілуімен сипатталады, әдетте жайылмаға шығумен бірге жүреді. Өзеннің түріне байланысты (жазық жерден өтетін өзендерде – қардың еруінен, биік таулы өзендерде – қар мен мұздықтардың еруінен) туындайды.
Негізгі сипаты бойынша «Жоңғар-Алатау» МҰТП аумағынан өтіп жатқан өзендер жазғы максимумы жақсы байқалатын мұздық-қар типіне жатады, ол биік таулардағы қарлар мен мұздықтардың қарқынды еру кезеңіне сәйкес келеді. Ең жоғары су шығыны маусым-шілде айларында байқалады. Су тасуы наурыз айының аяғында – сәуір айының басында басталып, тамыз-қыркүйек айларында аяқталады.
✍🏼Ғылыми қызметкер:Балтабеков К.К